Ағымдағы жылдың қаңтар айында сотталушы Бейнеу аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі бола тұра, Тәжікістан азаматына қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін 300 АҚШ доллары көлемінде пара алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сот отырысында сотталушы Е. өз кінәсін мойындады. Сонымен қатар, сот ер адамда жас балалары болуын да назарға алған.
Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 1-1 бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, 30-50 аралығы АЕК айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.
Сот үкімімен Е. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 25 еселенген сомасы – 3 474 825 теңге айыппұл салынды. Қамау мерзімін ескере отырып, айыппұлдың түпкілікті сомасы 2 384 625 теңге болып белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.