Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлажар Бақытжанова айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
- Есепті кезеңде биыл татуласу рәсімдері бойынша - 463, ал 2022 жылы 424 іс, медиация тәртібімен 408, ал 2022 жылы 319 іс, бітімгершілікке және 2 іс партисипативтік келісімге келу арқылы, ал 2022 жылы 4 іс партисипативтік келісімге келу арқылы қаралған - дейді Гүлажар Бақытжанова.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы м.а. Мұхит Мұқашевтың айтуынша облыстың соттарына барлығы 417 әкімшілік талап қою түскен. Атап айтқанда МАӘС – 395, жалпы соттарға – 22. Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда әкімшілік талап қоюлардың саны 38%-ға өскен. Оның ішінде, өңірде сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігін) дау айту, салық, жер, тұрғын-үй санатындағы даулар бойынша талап қоюлар басым.
Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Аманбек Калпаков сот әкімшілігінің негізгі міндеттерін атап өтті.
- Сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау, сот жүйесін және соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу - сот әкімшілігінің негізгі міндеттері,- деді Аманбек Калпаков.