Бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС Сұңқар кемесінің экипажы теңізден 22 км қашықтықта 3 қызды құтқарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, медициналық көмек көрсетілді.
- Сонымен қатар, төтенше жағдай департаменті алдағы уақытта желдің күшеюі және белгіленбеген учаскелерде шомылуға жол бермеу туралы SMS-хабарламаны мерзімінен бұрын жіберді. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, - дейді төтеншеліктер.