Құтқарушылар «Кендірлі» демалыс орнында 5 жасар қызды судан алып шыққан. Қыз бала суға түсуге жабдықталған аймақта шомылған. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.
Алайда бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының басшысы Нұржан Борашев мәлімдеді.
- 1 тамыз күні сағат 21:50-де Дағдарыс жағдайларында басқару бөліміне мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (ӨСБ-3) диспетчерінен 2018 жылы туған қыз баланың судан құтқарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған. Алайда, 103 диспетчерінің мәліметінше, қыз ауруханаға бара жатқан жолда көлікте қайтыс болды. «Биологиялық өлім» диагнозы қойылды. Мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.