10-тамыз күні Ақтауда «Sezin» атты Республикалық қайырымдылық жоба аясында «Қараңғылықтағы кешкі ас» қайырымдылық іс- шарасы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға әкімшілік, өнер өкілдері, ақын жазушылар мен кәсіпкерлер және әртүрлі салада жетістікке жеткен зағип жандар қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның негізгі мақсаты көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «SHOWDOWN» үстел теннисін Ақтау қаласында дамыту. Сол арқылы халықаралық спорт турниріне қатысатын құрама команда жинау.
- Қайырымдылық шарасына қатысушылардың көзін байлап ас ішкіземіз. Ғалымдардың тұжырымдасы бойынша қараңғыда ас ішудің адам денсаулығына пайдасы зор. Олардың сөзінше осылай тамақтану адамның сана сезімін оятып сабырлыққа шақырады. Негізгі мақсатымыз да сол – басқалардың зағип жандардың өмірін бір сәт болсын сезінуі. Сондықтан ақтаулық жомарт жандардан қолдау күтеміз, - дейді «Мирас-А» ҚҚ президенті Жүзбай Серікұлы.
Ерекше кешкі ас Актау қаласы, 25 ш/а Grand Aktau мейрамханасында болады.
Бағдарламасы: 18:30 қонақтарды тіркеу.
19:00 басталуы
19:15 маска киіп ас ішу.
19:45 презентация.
20:00 концерттік бағдарлама
20:30 аяқталуы.
Қосымша ақпарат үшін + 7 702 9108088, +7777 813 5639 нөмірлеріне хабарласуға болады.