Бейнеу аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 296-бабының 2-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, сотталушы Н. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап үйінің ауласында өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген. Сонымен қатар,одан марихуана қоспасы бар 1 бума қағаз табылып, тәркіленді. Табылған заттар айғақ хаттамамен тәркіленді.
"Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 138 000 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.