Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1253 дерек анықталды. Оның ішінде шетелдік 935, ҚР азаматтарына 318 азаматы бар. Сонымен қатар 20-ға жуық жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5 миллион 526 мың теңгені құрап отыр.
«Жыл басынан бері қабылданған шаралар нәтижесінде үш ай ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 926 шетелдік, ҚР ӘҚБтК 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 300 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үш ай ішінде өңірімізден 157 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды», - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Өңірдің полиция департаменті облыс тұрғындарын және шетелдік қонақтарды еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын қатаң ұстануға шақырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуді ескертіп отыр.