"Бекіре-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Форт-Шевченко қаласының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұсталған 60 жастағы ер адамға ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасағаны үшін айыпталып отыр. Қазір аталған іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.