Жылыту маусымының аяқталуы тұрғындар үшін дәстүрге айналған ауыз су мәселесіне әкелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сәуірдің 4-інен бері қала тұрғындары ауыз сусыз отыр, краннан тек қайнаған су ағады, оның өзі сары, кейде қап-қара.
Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-чаты ауыз суға қатысты шағымдар мен өтініштерге толы.
Кейбір шағын аудандарда, мысалы, 5, 13, 14, 30-да су берілсе, кейбірінде кешеден бері берілмеді.
Сайт редакциясы жауапты мекемелерге «Ауыз судың кезекті тоқтатылуының себебі неде және ол тұрғын үйлерге қашаннан бастап қайта беріледі?» деген сауалдар жолдады.
«МАЭК» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде мекеме тарапынан ауыз су мен ыстық суды жеткізуге ешқандай шектеулер жоқ.
Сайт редакциясы ауыз суға қатысты «ҚЖСА» МКК-ның пікірін күтуде.