Биыл жыл басында ел аумағында аралас отын түрін пайдаланатын жеңіл автокөліктер саны 322.4 мыңға жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 8,5 % - ға көп. Мұндай автокөліктер Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының 8,2 пайызын құрады, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz finprom.kz. сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе аралас отынмен қозғалатын жеңіл көліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелді: 74,3 мың көлік — өткен жылмен салыстырғанда 3,6% - ға артық. Екінші және үшінші орында Ақтөбе (35,8 мың, 6,4% - ға артық) және Түркістан (23,1 мың, 27,7% - дан астам) облыстары орналасқан.
Ал жаңадан құрылған Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облыстарында мұндай көліктердің ең төменгі көрсеткіші тіркелген. ҚР-да электр қуатын пайдаланатын іъавтомобильдер саны да бір жылда бірден 65,4% - ға дейін өсті, яғни 812 автокөлік тіркелді. Электр қуатын тұтынатын көліктердің ең көбі Алматы қаласында тіркелді: 420 көлік. Екінші қатарда Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан-108 көлік. Үшінші орынға Астана қаласы тұрақтады.