Облыстық кәсіпкерлер және сауда басқармасы Ақтаудағы ірі сауда орталықтарындағы пияз бағасының 187 теңгеден сату туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді. Алайда қала тұрғындары бағаның мүлдем бөлек екенін айтып шағымданып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Дана» сауда желісіндегі пияз келісі 331 теңгеден сатылуда. Ал «Алтын фуд» сауда дүкендерінде әр келісіне 352 теңге баға бекітілген. Осы орайда тұрғындар кәсіпкерлік және сауда басқармасынан келісі 187 теңгеден сатылатын сауда желісінің мекенжайын көрсетуді сұрап отыр.