© Фото: inform.kz
20 ақпан күні 30-ға жуық тұрғын Ақтау қаласындағы автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жиналды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Автокөлік иелері Қазақстан Республикасының Президентіне бейнежазба жолдады. Шетелдік автокөліктерді тіркеу ережелеріне наразы топ заңдастыру рәсімін барынша жеңілдетуді талап етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары шетелдік есептегі автокөліктер, шағын және орта сыйымдылқтағы автобустар, шағын жүк көліктері, рулі оң жақтағы көлік құралдары заңдастыра алады. Автокөлік елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелуінуі тиіс.