Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында «Қыз балалалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілуі. Етеккірдің реттелуі: гинекологиялық, эндокринологиялық, психология тұрғысынан» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Конференцияға облыстағы барлық медицина ұйымдарынан дәрігерлер: акушер-гинеколог, эндокринолог, педиатр және психолог мамандар қатысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар гинекологы А.Алипанова қыз балалардағы жыныстық жетілудің жастық ерекшеліктеріне тоқталып, балалар эндокринолог-дәрігері АД.Бисенғали қыз балаларда етеккірдің реттелуіне әсер ететін гормондар туралы баяндады. Тәжірибелі психолог Р.Демеубаева отбасындағы жыныстық тәрбиеге кеңінен тоқталып өтті.
Жыныстық жетілу – аса күрделі үдеріс, ағзаның ересек кезеңге өтудегі физикалық, психикалық және әлеуметтік қайта құрылуы. Әсіресе, жасөспірім қыздардың - болашақ аналардың репродуктивті денсаулығын қорғау бүгінде аурушаңдықтың артуы мен экологияның нашарлауы, стресстік факторлардың көбеюіне байланысты ерекше маңызды тақырыпқа айналды. Дәрігерлер жыныстық жетілудің дәрежесін анықтау, жыныстық дамуға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар, қыз балалардың жыныстық жетілуі, етеккір себептері, жеке бас гигиенаның маңызы мен оның дағдыларын қалыптастыру, психикалық психологиялық-эмоционалдық дайындық тақырыптарын қозғады. Шара барысында қатысушылар сауалдарына жауап беріліп, өзара талқылау орын алды.