Маңғыстауда өткен жылы құқық қорғау органдары есірткі тарататын 110 сайтты бұғаттаса, биыл 15 сайттың жұмысын тосқауыл қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құзырлы орган өкілдері есірткі саудасын тоқтату бағытында үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы арнайы граффити жазуларды жойған.
Прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Топтың мақсаты -нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынушыларды анықтап, жастардың есірткіні қолдануға немесе заңсыз айналыма тосқауыл қою болып отыр.
«Өткен жылы есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық ададм сотталды. Биылғы жылдың 3 айында 40 адам сотталған. Оның ішінде осы алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. 1 апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комиттеті 4 азаматты ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 кг жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. 4 азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.
Маңғыстау облысында есірткі қылмысы 49%-ға төмендегені байқалған.