Маңғыстау облысының әкімдігі және инвесторлардың бірлесуімен IT-хаб ашу жоспарлануда, деп хабарлады mangystaumedia.kz ҚКО-ға сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев IT - хаб құру әр алуан саладағы цифрландыру деңгейін ілгерілетіп, ақпараттық-коммуникациялық өнімдерді әзірлеуге көмектесетіндігін мәлімдеді.
- IT мамандарын оқытып, жаңа жобалар мен стартаптарды жүзеге асыру үшін гранттарды бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Түпкі нәтиже – нарыққа сапалы ІТ мамандарды дайындап өңіріміздегі цифрландыруды жоғары деңгейге жеткізу. Бұл саланың дамуы Маңғыстаудың стартаперлеріне инвестицияларды тартуға, өнімдерін халықаралық деңгейге шығаруына мүмкіндік береді, - деді Айдын Хадиев.