Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев мәліметіне сүйенсек, 2020-2022 жылдар аралығында «250+» бағдарламасына енгізілген 18 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) технологиясы бойынша интернет және 4G мобильді интернет толық іске қосылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нәтижесінде Тәжен, Құланды, Сенек, Онды, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Батыр ауылы кең жолақты интернетке қосылған.
Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласын есептемегенде, облыста ұялы байланыс операторларының 174 базалық станциялары қызмет атқарады.
Сондай-ақ жолаушылар тасымалы саласын цифрландыру жүйесі бірқатар жетістікке жетті. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес жолаушылардың басым бөлігі электронды төлем жүйесін қолданған. Яғни, жолаушылар үшін ыңғайлы және ашық төлем жүйелері іске қосылған. Сонымен қоса, арнайы мобильді қосымша және электронды бағандар арқылы қоғамдық көліктің қозғалыс бағытын бақылауға болады.