Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Шектен шыққан адам жәбірленушіден 1.600.000 теңге көлемінде қаражат талап еткен.
«Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Тінту жүргізу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерін растайтын 200.000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған дерек қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің тізімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.