Жыл басынан бері елімізге 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден екенін анықталды.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанған.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрап отыр.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.