Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында №41 жабық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Жабық сайлау учаскесі арқылы облыстық және қалалық перинаталдық орталығы, “Нейрон”, “Сенім”, “Арчимед”, “Еркемед”, облыстық аурухананың емделушілері мен облыстық балалар ауруханасында жатқан аналар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасай алады.
«Алдын ала науқастардың тізімі жасақталды. Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруі үшін барлық жағдай бар. Ал қарт адамдарға, қозғалуы қиын науқастарға арналған арнайы портативті жәшік қарастырылды. Барлық талаптар орындалды», - деді аурухана әкімшілігі.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының емделушілері үшін арнайы мамандар жылжымалы сайлау жәшігін алып, бөлімшеде жатқан науқастардан дауыс жинады. Өз кезегінде емделушілер саяси науқанның маңыздылығын ескеріп, жоғары сеніммен таңдау жасап жатыр. Дауыс беру әлі жалғасуда.