Маңғыстау облысы бойынша бүгінгі таңда 83 308 адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша 2022-2023 жылдары эпидемиялық маусымға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 90 000 доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынған.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №30 қаулысына сәйкес, медициналық ұйымдарда ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Бүгінгі таңда облыста 90 мың адам «Гриппол плюс» вакцинасын алуға жоспарланды. Халықтың 11%-ін құрайды. Қазіргі таңда 83 300 (92,5%) адам екпемен қамтылды. Егілгендер арасында: 14 жасқа дейінгі балалар; медицина қызметкерлері; жүкті әйелдер; қарттар үйіндегілер; созылмалы аурулары бар адамдар; 15 жастан жоғары мектеп оқушылары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қамтылды. Тұмауға қарсы екпе тегін жүргізіледі. Бірінші кезекте инфекцияны жұқтыруға жоғары қаупі бар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары қамтылады. Тұмауды алдын-алудың ең тиімді әдісі - тұмауға қарсы екпе алу, яғни тұрғындарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырамын, - деді Бибізада Дүйсенбаева.
Айта кетейік, биылғы 2022-2023 жылғы эпидемиялық маусымда жедел респираторлы вирусты инфекцияның бүгінгі күнге дейін 2408 жағдайы тіркелген.
-Маңғыстау облысы бойынша ревакцинацияға жататын адамдар саны – 183 500. Оның ішінде ревакцинациямен – 110 955 (60,4%) қамтылды. Қайтадан ревакцинациялауға жататын адамдар саны– 35 831, оның ішінде қайта ревакцинациялаумен – 11 223 (31,3%)қамтылған,- деді Бибізада Дүйсенбаева.