Маңғыстау спортшылары кикбоксингтен жастар арасында өткен ҚР чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай қаласында 2005-2006 жылы туған жастар арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті.
Еліміздің 3 қаласы және 17 облысынан 300 ге жуық спортшы қатысып, фулл контакт, К-1 бағдарламалары бойынша сынға түскен болатын. Аталған жарыс бокстан КСРО спорт шебері Мұрат Бегежанов пен кикбоксингтен ХДСШ Асылхан Бұсұрмановты еске алуға арналды.
Маңғыстаулық спортшылар фул-контакт бағдарламасы бойынша 2 алтын, 1 қола иеленді. Олардың қатарында 54 келіде Сағындық Шыныбеков 3-орын, 86 келіде Қанат Ақунов және + 91 келіде Нұрсәт Ғалымбекұлы 1-орын иеленді.
Сонымен бірге, К-1 бағдарламасы бойынша 51 келіде Аманбек Ерікұлы күміс жүлдеге қол жеткізсе, 71 келіде Мейрамбек Мәжіліс қола медаль иегері атанды.