Еске салайық, Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Оны Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери құрметпен қарсы алды. Келіссөздер мен баспасөз мәслихатынан кейін екі ел басшылары Германия-Қазақстан экономикалық форумына қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Форумға «ҚазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешев те қатысты. «DB Cargo Eurasia GmbH» және «ҚазАзот» АҚ өкілдері стратегиялық серіктестік туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сапар барысында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына келіп, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Германияның Федералдық президенті Маңғыстау облысына келген алғашқы еуропалық көшбасшы болмақ.
Анықтама үшін: Deutsche Bahn AG – неміс компаниясы, негізгі теміржол операторы. Ол 1993 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істеген мемлекеттік теміржол компаниялары негізінде құрылды: Германия Федеративтік Республикасының Федералдық темір жол операторы Deutsche Bundesbahn және ГДР Deutsche Reichsbahn неміс мемлекеттік теміржолы.