Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында «Балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған көрмеде арнайы техникалар таныстырылды.
Іс-шара барысында құтқарушылардың құрал-жабдықтары мен техникалары көрсетіліп, су айдынындағы құтқарушылар жұмыстары таныстырылды.
– Балаларды қорғау күніне орай жас жеткіншектердің төтенше жағдайлар мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатымен осындай іс-шараны өткізіп отырмыз. Балалар ауылына екі өрт сөндіру техникасын әкеліп, таныстырдық. Өрт техникалары қалай жұмыс істейді, өрт болған жағдайда мамандар қалай қолданады, сатылар қандай биіктікке дейін көтеріледі – осының барлығын көрсеттік. Болашақта балалардың мамандық таңдау кезінде төтенше жағдай қызметіне қызығып жатса, біз осыған үлес қоссақ деген ниеттеміз, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Кенжебаев.