Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бірінші сатының үкімімен Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алқабилердің үкімі негізінде ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3, 5) тармақтарымен психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айып бойынша сотталушы А. ақталған.
“Апелляциялық сот алқасының шешімімен Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделей келе, А.-ға қатысты соттың ақтау үкімін бұзып, істі жаңадан қарауға жіберді.
Оған Алқабилер үкім шығарған және оларға қойылған сұрақтарды тұжырымдаған кездегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтар негіз болды”, деп жазылған облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.