Ақтауда 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай орталық жол бойындағы бағаналарға 63 ту ілінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік ту 12, 13 және 14 шағын ауданның қиылысынан бастап 9 шағын аудан «Ардагер» сауда орталығына дейінгі жол бағаналарына ілінді.
-Қалада орталық жол бойындағы бағаналарға 63 ту ілінді. Бұл шара арнайы 4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Көк Туымыз көгімізде қалықтап, рәміздеріміздің айбыны асқақтай берсін, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.