Облыс автопаркі жыл соңына дейін тағы да 120 қоғамдық көлікпен толығады. «Ақтау-Батыр2-Ақтау», «Ақтау-Жетібай-Ақтау», Ақтау-Құрық-Ақтау», және «Ақтау-Таушық-Ақтау» бағыттарына, Мұнайлы ауданішілік «Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау» және «Маңғыстау - Баянды- Маңғыстау» бағыттары бойынша заманауи жолаушылар көлігі лизинг шарты негізінде сатып алынады. Сондай-ақ Ақтау қаласынан №1, №6, №9 жаңадан тұрақты маршруттар ашу жоспарланған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Инвестициялық жобаны “Каспий” ӘКК” АҚ “Каспий Авто Парк” ЖШСмен бірлесе жүргізеді. Жоба аясында 460 тұрақты жұмыс орны құрылады.
“Қоғамдық көліктерді Сарань қаласындағы “KazTehna” зауытынан алуды жоспарлап отырмыз. Отандық машина құрастыру зауытынан шығады. Көліктер экологиялық таза, метан газымен жүреді”,- деді “Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы Бекнұр Беисов.
Жалпы қазіргі таңда облыста 17 тасымалдаушы 32 тұрақты бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысады. Осы бағыттарда 196 автобус жолаушылар тасымалына жұмылдырылған. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы автобус паркінің 60 пайызы тозған.
Айта кетейік былтыр “Каспий” ӘКК” АҚ Ақтау қаласының автопаркін толықтай, Ақтау-Маңғыстау-Ақтау бағытына қатынайтын 105 маршрутты толықтай заманауи көліктермен жаңартқан еді.