Бейнеу ауданында азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Рахымжан Шалбаев, жұмыспен қамту орталығының мамандары мен жұмыс ұсынушы мекеме-кәсіпорын өкілдері қатысты.
Тұрғындарға бос жұмыс орындары бойынша 26 мекемеден 91 жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыспен қамту жөнінде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілді. Азаматтар сәйкесінше бос жұмыс орындарына түйіндемелерін тапсырып, әңгімелесуге шақырылды.