Отандық спортшылар Жапониядағы Окинава аралында өткен Азия ашық чемпионатына қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Чемпионат 3 жылдық үзілістен кейін қайта бастау алған еді. Чемпионатқа Азия елдерінен өзге Израиль, Канада және Португалия құрамалары қатысты. Құрама кезеңде алғаш рет 18 жастан асқан қыздар санатында 3 спортшы өнер көрсетті. Ақтаулық спортшы Ақслу Елубаева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Спортшылар елге үш күміс және төрт қола медальмен оралды.