6 шағын аудан 32-үйдің тұрғындары кәсіпкер үй артына қосымша нысан сала бастағанын айтады. Кәсіпкер тек ағаштарды шауып қана қоймай, ауыр техникалары үйдің іргетасын бүлдіріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Тұрғындар кәсіпкерден құрылысқа рұқсат сұрағанымен, әйел ешқандай акт немесе рұқсат қағазын көрсете алмаған. Бірақ үйге экскаватор әкелінген, тұрғындардың айтуынша, үйдің іргетасы бүлініп жатыр. Үй тұрғындарының өздері қосымша құрылысқа рұқсат бермегенін атап өтуде. Бұған қоса, олар бірнеше ағаштың қиратылғанын айтады.
-Техникадан жерге көп май ағуда. Ертең бұл жерде балалар ойнайды. Әрине, оны ешкім тазаламайды қазір. Біз көліктің нөмірін тиісті органдарға беру үшін видеоға түсірдік. Оған кім рұқсат берді? Үйдің барлық тұрғындары бұл құрылысқа қарсы, - дейді үй тұрғыны.
Редакция осы мәселеге байланысты қала әкімдігінен түсініктеме күтеді.