Әлеуметтік желілерде ер адам Жаңаөзен қаласындағы 4 ықшамауданның 49-үйінде баланы зорламақ болғанын айтқан хабарлама таратылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Абайлайық және балаларды бақылайық. 4-49 мекен-жайы бойынша бесінші подъезде ер адам 6-7 жастағы қызды қорқытып, шешінуге мәжбүрлеген. Анасы не болып жатқанын терезеден көріп қалып, баланы зорлаушыдан қорғап қалды. Ауладағы бейнекамералар арқылы тұрғындар ер адамды тапты. Айқай-шу болды, қыздың әкесі күдіктіні ұрғысы келді. Полицейлер келіп, ата-анаға арыз жазу керектігін жеткізді. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді», - делінген аудио хабарламада.
Қазіргі уақытта сайт редакциясы облыстық полиция департаментінен түсініктеме күтуде.