Қазақстан «Балалар дауысы» байқауында ақтаулық қыз Ақниет Абитмұқан өнер көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ең соңғы бос орын осы маңдайы жарқыраған маңғыстаулық талантты өнерпазға бұйырған.
Батыс өңірден аттанған жас әнші Ақниет Абитмұқан енді Жұбаныш Жексен ағамыздың тобында шеберлігін шыңдайды. Өзін болашақ Мәдениет министірімін деп таныстырған жерлесіміз алда жауапты сынға дайындықты бастады.
Эстрадалық әндерді орындаудың шебері алда биіктен көрінеріне қазылар алқасы зор сенім білдірген. Ақтаудан үмітін үкілеп барған жас өрен алда биіктен көрінеріне сенімдімін деп отыр.