Сотқа дейінгі тергеу прокурордың қарауына жіберіліп, содан кейін ол сотқа жолданады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Күдікті бұл әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді, - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік,24 наурызда 27 шағын ауданның бірінде болған 36 жастағы ер адам жеті, тоғыз және он екі жастағы үш баласын асқан айуандықпен өлтірген болатын. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталғаны айтылған еді.