Маңғыстау облысы әкімдігінің Телеграм-чатында ақтаулықтар 16 шағын ауданда мектеп жоқтығы мен жолдың әлі толық жасалмағанына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жауапты Ақтау қалалық құрылыс бөлімі берді.
-16 шағын аудан автокөлік жолын салу және де инженерлік желілерді жүргізу мәселесі қала әкімдігінің жіті бақылауында.
Жобада қосымша кәріз құбырларын салуға байланысты, жобаға түзету енгізіліп, бүгінгі күні жоба сараптамаға жолданды.
Сараптаманың оң қорытындысын алынғаннан кейін, мердігер мекемені анықтауға конкурс өткізіліп, көрсетілген учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары басталады, - деді қалалық құрылыс бөлімінің мамандары.