Қазақстандағы киік саны ресми түрде 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес, киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артып отыр. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ болса, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700 киік бар.
Биыл елімізде бойынша киіктердің санын анықтау мақсатында 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.