Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада 4 мамыр күні сағат 11:00-де дұрыс тамақтану бойынша тұрғындарға арналған тегін конференция өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат - қатысушыларға салауатты және теңгерімді тамақтану негіздерін түсіндіру, әр түрлі дәрілерге тәуелділіктен арылуға көмектесу.
– Міндетіміз – адамдардың тағамға деген көзқарасын саналы тұтынуға өзгерту. Неліктен азық-түлік мол кезеңде адамдар қоректік заттардың жетіспеушілігінен зардап шегетінін, тағамдық дәрі-дәрмектер қалай жасалатынын түсіндіріеміз. Диеталар неге тиімсіз екені және ағзаны қалай қалпына келтіруге болатыны баяндалады. Бұл жоба мен үшін маңызды. Өйткені, дұрыс тамақтануды жүйеге қою – дені сау болашақ ұрпақ деген сөз. Іс-шара барысында диетология бойынша кеңестер, жалпы жаттығулар, сыйлық ойнату жоспарланған. Ал кітапхана қызметкерлері қатысушыларға пайдалы кітаптар ұсынады, - деді конференцияны ұйымдастырушылардың бірі, диетолог Жәмилә Ұзақбаева.
Конференцияға қатысушы үшін орын саны шектеулі. Билеттерді брондау үшін @anett_gr немесе @zhamilya.nutriciolog поштасына жазсаңыз болады.