22 мамыр күні сағат 20:55 шамасында 27-74 мекен-жайы бойынша қыз баланың өз-өзіне қол жұмсағалы жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық полиция департамениіне сілтеме жасап.
Учаскелік полиция инспекторлары: полицияның аға лейтенанты Исламбек Шаржан мен полиция капитаны Әзімбек Саттар, сондай-ақ патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция лейтенанты Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев шақырту бойынша келіп, дереу құтқару жұмыстарын бастады. Үшеуі жоғарыға көтеріліп, бірі әңгімелесіп, көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды көндірмек амалдарына көшті. Төбеге шыққан полицейлер қыздың төмен секіруіне жол бермеген.
Жас қызды ажалдан аман алып қалған тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Бойжеткеннің жасы 17-де екені анықталды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға тапсырылды.