18 ақпанда күні кешкілік сағат 22:36 шамасында 102 кезекшінің бөліміне 32А шағын ауданында жол-көлік оқиғасы туралы шақырту келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Скутер жүргізушісі бағдаршамның тыйым тыйым салынған белгісіне тоқтамай, өтіп бара жатқан "Toyota Carolla" автокөлігіне соғылған.
Зардап шеккен жол ережесін бұзушы адам бірден Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, тиісті ем-дом шаралары көрсетілді.
Осыдан кейін полиция скутер жүргізушісінің жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.