© Sportx.kx
Сербия астанасы Белградта ММА-ден өткен әлем біріншілігінде маңғыстаулық спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ересектер арасында 11-17 ақпан аралығында әлем біріншілігі өтіп, алты жүзден астам жауынгер өзара күш сынасты. Қазақстан құрамасы сапында 33 спортшы сынға түсіп, өңірдің төрт спортшысы ел намысын Сербияда қорғап қайтты. Ұлттық құрама мүшелері Темірлан Халидолла, Нұрбол Кұлжабаев, Нұрәділ Қайырбергенұлы и Расул Хатаевты маңғыстаулықтар Сербияға зор сеніммен шығарып салған болатын.
Олардың арасында ақтаулық ауыр салмақтағы спортшы Расул Хатаев қарсыластарын шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Ол финалдық сында алғаш кезеңде қарсыласын сұлатып салды. Белгілі бапкер Азамат Әбіловтің қол астында жаттығатын спортшы өткен жылы Тәжікстанда өткен Азия біріншілігінде топ жарған болатын. Жеті жылдан бері жекпе-жек спортымен айналысатын ол болашақта кәсіпқой спортта бақ сынауды көздеп отыр.