Ақтау қаласының тұрғыны мотоцикл ұрлау дерегі бойынша полицияға арызбен жүгінген. Оқиға 14-інен 15 сәуірге қараған түні орын алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгісіз тұлға 12 шағын аудандағы үйлердің бірінің алдында тұрған қара түсті "CFMOTO nk 150" мотоциклін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның көлемі - 300.000 теңге.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтан айғақ нәрсе ретінде қолды болған мотоцикл тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.