Мемлекет экономиканың түрлі секторларындағы бизнес өкілдерін толғандыратын мәселелерге ерекше назар аударады. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер арасындағы бизнесті одан әрі дамыту мақсатындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының басшысы Рашит Мұстапаев, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жаңаев, Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова, Қарақия ауданындағы «Бір ауыл - бір өнім» жобасының жетекшісі Жанагүл Жапарова, Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев пен Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қатысты.
Бүгінде Маңғыстауда сегіз салалық кеңес жұмыс істейді. Олардың жүйелі жұмысының арқасында кәсіпкерлер мәселелерінінің шешімін жедел және жүйелі таба алады.
Кеңеске қатысушылар шұғыл шешімдерді талап ететін бизнес-кәсіпкерлердің алдында тұрған салалық проблемаларды талқылады және «Бір ауыл-бір өнім» жобасының жылдық нәтижелерінінің қорытындысын тыңдады.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.
-Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес тұрақты түрде дамып келеді. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жыл сайын мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Өңірдің жұмыс істейтін тұрғындарының 44% - ы шағын және орта бизнес секторында кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы орайда, кәсіпкерліктің дамуына тиімді ахуал қалыптастыруда, заңсыздықтармен, заңнамалық әкімшілік кедергілерді жоюда оларды сүйемелдеуде кәсіпкерлер Палатасының қосар үлесі зор, - деді Нұрлан Ноғаев.
2023 жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде республикалық бюджеттен - 13 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге бөлінген. Қаражат пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, несиелерге кепілдік беруге және жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар бөлуге бағытталған.
Қазіргі таңда жоба шеңберінде 800-ден астам кәсіпкер өтінімдерін жолдап, 589 кәсіпкердің өтінімі комиссия қарауына жолданған. Осы көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында өңіріміздің кәсіпкерлер саны өсіп келеді.
Облыс кәсіпкерлері 1,8 трлн. теңгенің өнімін шығарып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 227,4 млрд. теңгеге өсім көрсеткен.
Кездесу соңында кеңеске қатысушылар бизнестің өзекті мәселелерін салалық кеңестер отырыстарының күн тәртібіне енгізу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.