Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері департамент кинологтарының қатысуымен, қызметтік иттерді қолдана отырып, Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында екі ағайынды жігіттерді ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары, олар тұрғылықты жері бойынша және Ақтау қаласы аумағындағы жалдамалы пәтерлерінде фитонарколабораториялар ұйымдастырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37 және 39 жастағы күдіктілерден өзімен бірге және тұрғылықты жері бойынша "марихуана" есірткі затының 5-тен астам байламы тәркіленді. Сонымен қатар, екі жалдамалы пәтерде "марихуана" есірткі құралдарын өсіруге бейімделген және жарақтандырылған екі фитонарколаборатория табылды. Пәтерлерде фольга, шам, сорғыш, желдеткіштер, есірткіні пайдалануға арналған аспаптар, баклажкалар мен ыдыстар, сондай-ақ каннабис тобының ("марихуана") 17 бұтасы және "марихуана" есірткі заты бар бір картон қорап тәркіленді.
Тәркіленген "марихуананың" жалпы салмағы 5 кг-нан асады. Барлық тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды.
Бұл факт ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да тіркелді (алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру).
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмеді.