Экологтар ішкі істер органдарына, денсаулық сақтау басқармасына және Мұнайлы аудандық жергілікті атқарушы органына құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау, медициналық қалдықтарды заңсыз көму фактілерін жою және одан әрі кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға тапсыру бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Сондай-ақ, бөлім мамандары аталған аумақты аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде медициналық қалдықтарды белгісіз тұлғалар өртегені анықталды. Аталған факті бойынша материалдар полицияға жіберілді. Қалған бөлігі жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау органдарына тиісті сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде сатуға берілген кезде инвентарлық нөмірлері бойынша осы дәрілік заттардың иесін анықтау үшін жіберілді.
Қабылданған шаралар туралы ақпарат кейінірек жарияланбақ.