Құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Кәмшат Керімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Кәмшат Керім 18 сәуірден бастап байланысқа шықпаған. Әлеуметтік желілерде 18 сәуірде кешкі сағат 10 шамасында "Шығыс-3" кентіндегі үйінен шығып, оралмаған қыз іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. "Ұзын, жасыл, гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл түсті күртеше және ақ кроссовка киген", – деп жазылған мәліметте.
Жоғалған адамды көргендерден мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102.