Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында автобус аялдамаларын сырлау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарды коммуналдық сала қызметкерлері сағат таңғы 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін жасайды. Қалада автобус аялдамалары мына мекен-жайлар бойынша сырланды:
-9 шағынаудан, №18 үй;
-6 шағынаудан, №36 үй (2 аялдама);
-10 шағынаудан, «Ардагер» сауда орталығына қарама қарсы;
-12 шағынаудан, мемлекеттік Ту тұғырының маңы;
-9 шағынаудан, №14 үй;
-14 шағынаудан, №59 үй;
-3 шағынаудан, «Дружба» дүкенінің маңы.