Жаңаөзен қаласы Мұнайшы мәдениет үйінде алғаш рет 15-20 жас аралығындағы жастарға арналған «OnerFEST» фестивалі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Фестивальдің мақсаты - ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға. Фестиваль барысында өнерге жаңаша серпін беріп, талантты жастардың шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына жол ашты. Музыкалық мәдениет пен өнерді жандандыруға, рухани әлеуетті көтеру және насихатталып, дарынды жастардың шығармашылық өсуіне жағдай жасалды. Жаңа талант көздерін ашып, олардың орындаушылық шеберлігі артты.
Фестиваль эстрадалық вокал, аспапта ән айту, аспапта ойнау, көркем сөз, бейнелеу өнері, мобилография номинациялары бойынша өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
Эстрадалық вокал:
1-орын - Мадияр Нұрайым
2-орын - Демекханов Бекзат
3-орын - Тоғай Назерке
Көркем сөз:
1-орын - Нұралы Жайдары
2-орын - Нұрлыбай Жанбөпе
3-орын - Орақбай Жаңыл
Аспапта ән айту:
1-орын - Тәжібай Айдана
2-орын - Алимова Камила
3-орын - Базылбек Серікбол
Аспапта ойнау:
1-орын - Нысанбай Айгерім
2-орын - Уваев Уалихан
3-орын - Остриков Константин
Бейнелеу өнері:
1-орын - Бауыржан Даяна
2-орын - Асылбек Ардақ
3-орын - Реджепова Айда
Мобилография:
1-орын - Уали Талғат
2-орын - Түркменбай Нұрдана
3-орын - Құрбан Айқуан
Қатысушыларға Жаңаөзен қалалық мәдениен және тілдерді дамыту бөлімінің дипломы мен алғыс хаты берілді. Жүлделі орын алған қатысшулыр ақшалай сыйлықтармен марапатталды.