"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының мәліметінше Ақтау қаласы аумағында 81 қоқыс алаңы анықталған, - деп mangystaumedia.kz хабарлайды сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігімен шашылып жатқан жабайы қоқыс алаңдары тазаланғанымен, құрылыс салушы компаниялар мен пәтерлеріне жөндеу жүргізіп жатқан қала тұрғындары үйреншікті әдетпен тазартылған аумаққа қайта қоқыс төгіп, ластауда. Әсіресе бұл жағдай жаңадан бой көтеріп жатқан шағын аудандарда белең алып барады.
16 шағын аудан, 20 шағын аудан және №8 өндірістік ақмақ кәсіпкерлердің көмегімен тазаланды. Қоқыс төгілген жеке меншік жер иелеріне ескерту хат жіберілді. Алайда, әкімдік тапсырмасына орындамаған мекемелер бар.
Атап айтсақ:
Осы орайда, қала әкімдігі жер иелеріне қоршаған ортаға зиян келтіріп тұрған қоқыс алаңдарын тазартуды және қала тұрғындарына қоқыс қалдықтарын арнайы төгетін орынға апарып төгуді сұрайды.