• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 24 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 419.69 ₸
  • EUR: 510.89 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Қариялар Әбіш Кекілбайұлы музейін аралады

[ 2020 ] 19 ақпан, 17:11  |  Маңғыстау жаңалықтары

«NurOtan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мен облыстық "JasOtan" жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттар үйіндегі ардагерлер Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады. Онда қариялар жазушының өмір жолынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Қарттар үйінің әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі маманы Айнұр Қожабергеннің айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік мекемеде қарттармен қатар мүгедек жандар да тұрады екен, оларға барлық жағдай жасалған.

Біздің қарттар үйінде 92 адам бар. Оларға күнделікті бес мезгіл тамақ беріледі, зейнетақысының 70 пайызына өздеріне қажетті киім-кешектері мен күнделікті қолданатын заттарын алдыртамыз. Дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілген. Осындай әртүрлі мекемелер шараларға, концерттік бағдарламаларға шақырып жатады. Ай сайын туған күн иелеріне волонтерлік ұйымдар сыйлықтар әкеледі. Біз бұған қуаныштымыз. Мұнда қарттармен қатар мүгедек жандар да тұрады. Жас ерекшеліктері – 40 жастан 90 жасқа дейін. Үйде қандай күтім болса, осында да бар жағдайды жасауға тырысамыз. Тегін массаж, емдік шаралар, кітапхана, барлығы бар. Қос қабаттың әрбірінде кітап оқу залдары қарастырылған, - дейді Айнұр Қожаберген.

Қайраткер жазушының музейін аралап, үлкен әсер алған қариялар өз пікірлерін ортаға салды.

Өз басым Абайдың 175 жылдығына өлеңдері мен қара сөздерін жаттап жүрмін. Маңғыстау төрінде ашылған Әбіш Кекілбайұлы музейі – бүгінгі қоғамға өте керек дүние. Мен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен музейдің ашылу салтанатында болдым. Әбіш Кекілбайұлы– киелі Маңғыстау өңірінің үлкен абыздарының бірі. Оның қазақ еліне, қазақ жеріне, тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі орасан зор. Әбіш есімі біздің жадымызда әрқашан да сақталады. Музейде жазушының бала кезінен, студенттік шағы, қызмет еткен жылдарынан естелік болар мол дүние жинақталған. Көз көріп, көңіл қуанады. Бек ризамыз, - деді қарттар үйінің тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Нұржан Досов.

Мұнай өндірісінде инженер болып өнімді еңбек етіп, зейнетке шыққан ТаисаБогородская да экскурсиядан ерекше шабыт алғанын айтты.

Бүгінгі шара өте жақсы деңгейде өтті. Маңғыстау өңірінде мақтан тұтатын замандас тұлғалардың болғанына Құдайға шүкір дейміз. Әбіш Кекілбайұлы бар өмірі мен қызметін халқына арнаған жан ғой. Мұны біз әрқашан жадымызда ұстаймыз. Рухы шат болсын, біздің қолдан келер дүние жазушының артында қалған мұраларын ардақтап, келер ұрпақ ұмытпайтындай етіп насихаттау, - дейді ол.

Тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінің меңгерушісі АйжанатІңірбай Әбіш Кекілбайұлы орталығына келушілер қатары күннен күнге көбейіп келе жатқанын, сондай-ақ кешеннің жұмыс ауқымы да арта түскенін жеткізді. Дәл қазіргі сәтте музейде жазушының 300-ге тарта экспонаты қойылған екен. Ал жалпы кешенде 56 мыңнан аса экспонат бар.

2019 жылдың 10 қазан күні ҚР Президенті Қ.Тоқаев ашқан музейге бүгінде келушілер өте көп. Солардың бірі – бүгінгі құрметті қонақтарымыз, қарттарымыз. Оларға Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған залды көрсетіп, әрбір жәдігерлермен жақынырақ таныстырдық. Әбіш ағамыздың туған жерінен бастап, өмір жолдары, балалық шағынан белгі болар естеліктер жетерлік. Музейдегі құнды жәдігерлердің бірі – 2019 жылы әкесінің сүйегі жатқан жер табылуы туралы құжат деп айта аламыз. Әбіштің әкесі 1942 жылы соғысқа аттанып кеткен. Ол кезде Әбіш 3 жасар бала болған екен. Жазушы өмірінің соңына дейін әкесі Кекілбайдың жатқан жерін іздеумен өтті. Бұл да бір Алланың сыйы шығар. 2019 жылы Әбіш Кекілбайұлының үлкен мерейтойы өткелі жатқанда әкесінің сүйегі Ресейдің Үлкен Смоленск қаласында бауырластар зиратынан табылды. Бұл құжаттың табылуы біздің музей үшін өте құнды жәдігер болды. Әбіш ағамыздың залы 1999 жылы бұрынғы музейінде болды. Оны 60 жылдығы қарсаңындаӘбдіжәміл Нұрпейісов, Манаш Қозыбаев, ұстазы Зейнолла Қабдолов сынды қазақ зиялыларымен келіп ашқан еді. 2009 жылы сол музейді қайтадан жасақтап, 70 жасында Қуаныш Сұлтанов, Нұрлан Оразалин сияқты аға-інілерімен келіп ашты. 80 жылдығында, мінекей, осындай үлкен кешен салынып, музейге аты берілді, - деді Айжанат Есбергенқызы.

Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Білім және ғылым министрлігінің Білім саясаты бойынша бас маманы Мәрия Жәңгірханқызы қамкөңіл қарияларға қоғам тарапынан жиі қамқорлық көрсетілсе деген ниетін білдірді.

Қарттар үйінің қариялары қатысатын шараларға жиірек баруға тырысамын.Бұл жандар туралы мені толғандырған ойлар көп. Үлкен кісілердің жастық кездері жақсы болғанымен қарттыққа аяқ басқанда қиын жағдайға қалғаны қатты қынжылтады. Қазақтығымыз қайдадеп ойым сан-саққа кетеді. Әбіш Кекілбайұлының әрбір сөзін зерттеп те жүрмін. Осы ойларымды түйіндеп, кітап етіп жинақтап жазу мақсатым бар, - дейді Мәрия Жәңгірханқызы.

Маңғыстау облыстық "JasOtan" жастар қанаты төрағасының орынбасарыАружан Шайденова биылғы еріктілер жылында қарттарға қамқорлық арта түсетінін, бүгінгі шара соның бастамасы боларын жеткізді.

«НұрОтан» партиясымен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық» жобасыаясында қарттар үйіндегі қарияларды Әбіш Кекілбайұлы музейімен таныстырып,экскурсия жасадық. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жастар арасындапатриотизмді насихаттауға және қарияларға құрмет, қамқорлық көрсетугешақыруды мақсат тұтады. Экскурсия жақсы өтті деген ойдамыз. Қарияларымыз мәз-мейрамболып қалды. Оларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік берген музейбасшылығына, мәдениет басқармасына алғыс айтамыз. Алдағы уақытта даосындай игілікті жобаларды өткіземіз.Биыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Біз бұған қуаныштымыз. Волонтерлік қызметке кіріскен жастарға қаржылай сыйақы да беріледі екен. Бұл біздерді, жастарды жігерлендіре түсетініне сеніміміз мол. Қазіргі уақытта Ш.Есенов атындағы университетпен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Коллеждер арасында еріктілер топтары ашылып жатыр. Басқарма, департаменттермен ортақ меморандум жасап, қарқынды жұмыс істемек ниеттеміз, - дейді Аружан Шайденова.

Шара соңында қарияларға азық-түлік пакеттері мен шоқ гүлдер, сондай-ақ тарихи-өлкетану музейіатынан «Әбіш әлемі» атты журнал сыйға тарту етілді.Ұйымдастырушылар қарияларға арналған мұндай шаралар ұдайы өткізілетінін айтады. Алдағы уақытта қарияларды театрға апару,теңіз жағалауына серуендету сынды ауқымды шаралар жыл соңына дейін жалғаса бермек.

Жайық НАҒЫМАШ

920
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Аймақта экологиялық қоғамдық бірлестік құрылуы мүмкін

Келесі жаңалық

Жыл басынан бері зиянкестерді жоятын заттардан 6 адам уланған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Біле жүріңіз Денсаулық Қарақия Сұхбат Фото Анықтама бюросы Экономика Қызық дерек Тағайындау Спорт Ашық қоғам Ауыл өмірі

    Автордың басқа да жазбалары

    Облыста тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

    17 қаңтар, 10:35
    186

    Жаңаөзенде кәмелетке толмаған ер бала іздестіріліп жатыр

    16 қаңтар, 13:17
    344

    Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

    16 қаңтар, 13:05
    182

    Маңғыстауда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

    16 қаңтар, 11:02
    182

    Елордалық кардиология саласының дәрігерлері Маңғыстауда тегін қабылдау өткізеді

    15 қаңтар, 10:57
    256

    Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

    15 қаңтар, 09:07
    160

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»