Ақтауда кәсіпкерлердің жеке қаражат есебінен 10 150 пәтерлік 69 тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Десе де тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны жыл сайын артып отыр. Қазіргі таңда 10 528 адам кезекте тұр.
«Кезек мәселесін шешу жолында жұмыстар атқарылды. «Бақытты отбасы» бағыты бойынша көпбалалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылардың тұрғын-үй алуы үшін 191 жолдама берілді, банкпен 84 отбасы пәтер алды. Сонымен қатар 2019 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,1 млрд теңге несие берілген болатын. Соның нәтижесінде 527 отбасы үйлі болды», - деді Ғалымжан Мұқырұлы.
Сонымен қатар 746 көпбалалы отбасыны тұрғын-үймен қамту үшін 1,1 млрд теңгеге 132 пәтер сатып алынды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА