Жылы жағажайға жылдам жетуге мүмкіндік беретін 4 жолақты жол Өмірзақ ауылы арқылы салынып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімі Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, жағажайға қарай электр энергиясы, су желісі және газ тартылуда.
Сонымен қатар «Хонда орталығынан Өмірзаққа баратын жолдағы Т-тәріздес қиылысына дейінгі жолды 4 жолаққа кеңейту» жобасы жасақталуда.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА