Өмірзақ ауылына қарасты Рауан тұрғын массивіндегі ауылішілік 12 шақырым жолды асфальттау жұмысы басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, өткен жылы Рауан тұрғын массивіне жол салу үшін 2 шақырым жерге асфальтқа дейінгі топырақ пен шебін қабаттары төселген болатын.
Сондай-ақ, 2 мыңдай тұрғыны бар ауыл толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілмек.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ